АРДАГЕР АРДАҚТАЛДЫ

0
31

ТЕМІР АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ҰЖЫМЫ, СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ АРДАГЕРІ – САРА АМАНҒАЛИҚЫЗЫ НҰҒЫМАНОВАНЫҢ ҮЙІНЕ БАРЫП, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ. СОТ ТӨРАҒАСЫ А. Б. НАЗАРКУЛОВА, СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ АРДАГЕРІН МЕЙРАММЕН ҚҰТТЫҚТАП, ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ, ҰЗАҚ ҒҰМЫР ТІЛЕП, ЫСТЫҚ ЛЕБІЗІН ЖЕТКІЗДІ ЖӘНЕ ҰЖЫМ АТЫНАН СЫЙЛЫҚ ТАБЫС ЕТТІ.
Нұғыманова Сара Аманғалиқызы 10 желтоқсан 1953 жылы Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. Ардагер сот қызметкерлеріне өзінің 25 жыл сот жүйесінде жұмыс атқарған кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, аудандық сот ұжымынан құттықтап келгендері үшін, жылы лебіз білдіріп, жұмыстарына үлкен жетістік тіледі.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.