«ӨЛЕҢ — СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ»

0
60

АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА, «ӨЛЕҢ — СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА, ШҰБАРҚҰДЫҚТАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН БІРҚАТАР МЕКТЕПТЕРДІҢ 5-ШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ӨТКЕН «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА» АТТЫ ПОЭЗИЯ КЕШІНДЕ, АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ СЛАЙД КӨРСЕТІЛІП, БАЛАЛАР АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІН МӘНЕРЛЕП ОҚЫДЫ.
Сондай-ақ, поэзия кешінде Абайдың шығармашылығын қамтитын «Кім тапқыр?» деп аталатын сұрақ-жауап ойын ұйымдастырылды.
— Мұндай шаралар балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың арасында кітапты көп оқитын орта қалыптастырады деп ойлаймын, — дейді аудандық балалар кітапханасының директоры Р.Мұхамбетқалиева.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.