МӘДЕНИ МҰРА НЫСАНЫ БАҚЫЛАУДА

0
49

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МҰРАЖАЙҒА ҚАРАСТЫ ДОСЖАН ХАЗРЕТ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ А.НҰРАХАНОВТЫ ЖӘНЕ ДІН ІСТЕРІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ Н.СЕМИБАЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ. КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ДОСЖАН ИШАН МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН САПАЛЫ ҮЙЛЕСТІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ.

Атап айтқанда, аудан басшысы С. Аманбаев, А. Нұраханов пен Н.Семибаевке, тұрғындарға тарихта өз орны бар дін қайраткері Досшан ишан Қашақұлының өмір жолын, еңбектері мен зайырлы қоғамның дамуына қосқан үлесін насихаттауды, халықтың бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асыруды, кешеннің қысқы жылыту маусымына дайындығын, санитарлық тазалығын және өртке қарсы шараларын, мұражай кешенінде орналасқан барлық нысандардың қалыпты жұмысын қамтамасыз етуді, алдағы уақыттағы кешеннің даму жоспарын және оған қажетті ресурстарды нақтауды, салтанатты ашылуы өткен «Досжан ишан» атындағы ашық аспан астындағы мұражай кешеніндегі зиярат ету әдебін халыққа түсіндіруді тапсырды.
Кездесу соңында аудан басшысы тапсырмалардың орындалуына тиісті қолдау көрсетуді дін істері орталығының басшысы Н. Семибаев пен аудандық мұражайдың басшысы Г.Қалиеваға міндеттеді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.