ШЫҒАРМА АВТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
43

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КООРЕСПОНДЕНТ-МҮШЕСІ, «ТАЛАЙҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛАР ТӘЛІМІ» КІТАБЫНЫҢ АВТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ, ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ А. ОРЫНБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ.
Кездесу барысында А. Орынбаев, «Талайғы тарих және тұлғалар тәлімі» кітабының мазмұнын баяндап, әсіресе шығарманың «Досжан ишан — қазақ даласына ислам діні ілімін таратқан ірі ағартуші-ұстаз, қоғам қайраткері» деп аталатын бөліміне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, кездесу барысында ауданда ашылған тәрбиелік мәні зор «Досжан Хазірет мемориалдық кешені» туралы сөз қозғалды.
Кездесу соңында аудан басшысы С. Аманбаев, А. Орынбаевқа алғыс білдіріп, алдағы шығармашылық жолына табыс тіледі.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.