ЖЕКЕ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

0
28

ТАЯУДА АУДАНҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТ АППАРАТЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ИНСПЕКТОРЫ К. ҚАЛИБЕКОВ КЕЛІП, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВПЕН БІРГЕ, АУДАНДАҒЫ ЖЕКЕ НЫСАНДАРДЫ, АТАП АЙТҚАНДА ЖАНСЕН КЕРЕЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ-нің БҰЗУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН, «ШҰБАРҚҰДЫҚ-ЖЫЛУ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЖӘНЕ «ЗАДЕПО» АУМАҒЫНДАҒЫ АЙНАЛАМА ЖОЛҒА АСФАЛТ ТӨСЕУ БОЙЫНША ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫН ҚАРАДЫ.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, орнына 600 орындық жаңа білім ұясын салу мақсатында бұзылып жатқан Жансен Кереев атындағы жалпы білім беретін мектептің ғимаратында болған К. Қалибеков, құрылысқа жауапты мердігер компания өкілдеріне, белгіленген мерзімге сәйкес ғимаратты бұзуды толық аяқтауды тапсырды. К. Қалибеков бұдан кейін «Шұбарқұдық-жылу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылу беру маусымына дайындығының барысы мен «Задепо» аумағындағы құрылыс жобасының ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын, «Казинтертранс» ЖШС атқарып жатқан асфальт төсеу жұмысын қарап, құрылысқа жауапты мердігерге, айналма жолды сапалы әрі белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.