ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

0
69

ШАХМАТ — ЛОГИКАЛЫҚ ОЙ-ӨРІСТІ ДАМЫТАТЫН, ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАНЫМАЛ СПОРТ ТҮРІ. ОНЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ӘР ҚАДАМЫН АҢДАП, ЕСЕППЕН БАСУҒА ДАҒДЫЛАНАДЫ. ДЕМЕК, БҰЛ СПОРТ ТҮРІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДА ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ. ОСЫНЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, С. БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ, ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ШАХМАТ ОЙЫНЫ БОЙЫНША ЖАРЫСТАР ЖИІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП ТҰРАДЫ. ОСЫНДАЙ САЙЫСТЫҢ БІРІ, 9-19 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА, ТЕМІРДІҢ ТОПЫРАҒЫНДА ІЗІ ҚАЛҒАН, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ТӨЛЕУ САНАЛЫҰЛЫН ЕСКЕ АЛУ ҮШІН ӨТКЕН ШАХМАТ ТУРНИРІ БОЛАТЫН.
Жарыс — мектептегі шахмат үйірмесінің жаттықтырушысы Берік Құлымжанұлының жетекшілігімен ұйымдастырылып, 3-11 сынып оқушылары арасынан 24 оқушы қатысты. А, В, С деңгейлері бойынша өнер көрсеткен жас шахматшылар арасында, осы уақытқа дейін мектеп намысын қорғап жүрген шахматшылар да болды.
Он күн бойы ақыл мен алғырлық сынға түскен сайысқа Төлеу Саналыұлының ұрпақтары демеушілік етті. Жүлделі орын алған оқушылармен қатар, турнирге қатысып, белсенділік танытқан әрбір қатысушы қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Жарыстың жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысқан мектеп директоры Сандуғаш Қойшыбайқызы, әке атын асқақтатуда балаларының, ақыл-ойдың спорты — шахматты таңдап, оқушылардың уақытын тиімді пайдалануға және миын шынықтыруға өз үлесін қосқан Төлеу Саналыұлының ұрпақтарына алғыс айтты.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.