АУЫЛҒА КЕЛІП, ЕҢБЕК ЕТ!
«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА! » БАҒДАРЛАМАСЫ — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2014 ЖЫЛҒЫ 6 ҚАРАШАДАҒЫ № 72-ШІ БҰЙРЫҒЫМЕН БЕКІТІЛГЕН «АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ ТҰРУ ҮШІН КЕЛГЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, БІЛІМ БЕРУ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ, МӘДЕНИЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРЫНА, АУЫЛДАР, КЕНТТЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ АППАРАТТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫН КӨРСЕТУ» ТУРАЛЫ БҰЙРЫҒЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2023 ЖЫЛҒЫ 12 МАУСЫМДАҒЫ № 105-ші БҰЙРЫҒЫНА СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛЕДІ.Жалпы бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан, жаңадан жұмысқа тұрған бірқатар мамандықтар бойынша жұмыс істейтін мамандар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша ұсынылады. Аталған тізбені Темір ауданы әкімдігі сайтынан сілтеме арқылы көруге болады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/documents/details/395145?directionId=8214&lang=kk
Аудандық экономика және қаржы бөлімі тиісті бөлімдермен бірлесе отыра жыл сайын жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі.
Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін (5 175 000 теңге), кредит бойынша мөлшерлеме 0,01%-ға тең (жылдық 0,01%)
Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек. Енді «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберіндегі қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Бұл төлемдерді уақытылы өтеу үшін және болашақта мерзімді өткізіп алмау немесе өсімпұл есептелмеу үшін жасалатын шара.
«Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде мамандар 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады. Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне де otbasybank.kz платформасы арқылы өтініш беруге болады.
Көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады.
Көтерме жәрдемақы алуға төмендегідей құжаттар тапсырылады:
өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алған кезде:
өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
Кредиттік бюродан есеп;
Темір аудандық экономика
және қаржы бөлімі