ТЕҢГЕ — ҰЛТ ТІРЕГІ

0
65

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЫЗ — ТЕҢГЕНІҢ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГЕНІНЕ 30 ЖЫЛ ТОЛДЫ. БҰНДАЙ ҮЛКЕН НЫҒМЕТТІ ҚАШАНДА ЕСКЕ АЛЫП, ҚҰРМЕТТЕП, БАҒАСЫН БІЛІП ОТЫРУ КЕРЕК. 15 ҚАРАША – ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ ОРАЙ, ТЕҢГЕМІЗДІ ҚАСТЕРЛЕУ МАҚСАТЫНДА «ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА-ТЕҢГЕ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА № 3-ШІ ОРТА МЕКТЕПТІҢ 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН МӘДЕНИ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. МӘДЕНИ ШАРАДА ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ШОЛУ ТЫҢДАЛДЫ.

Мәдени шара барысында әрбір елдің өзіндік ақшасы, яғни ұлттық валютасы бар екендігі, осыған орай осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге енгізілгендігі, жалпы тарих бетіне көз салсақ, Қазақ жерінде 6-8 ғасырда теңгелерді белді тайпалардың атақты адамдары шығарып, оған өз таңбаларын бастырғаны, Оңтүстік Қазақстандағы сауда жолында орналасқан ең ірі саяси-экономикалық орталықтардың бірі — Отырар қаласында қолөнершілер өнімдерін үлкен қала базарларына шығарып отырғаны, Тараз бен Отырардан 6-ғасырда соғылған теңгелер табылғаны, үлкен қалаларда металлдан теңгелер жасайтын шеберханалар болғаны, Отырар қаласынан табылған мыс теңгенің бір бетінде садақ пен төрт бұрышқа ұқсас ру белгілері, екінші бетінде арыстанның бейнесі салынғаны, күміс теңгелерді шығару 14-ғасырдың 60-жылдарының аяғына дейін тұрақты жұмыс жасағаны, Отырардың, Тараздың (1326-1334 ж. ж.), Испиджабтың (1346-1348 ж. ж.), Сығанақ пен Сарайшықтың (14-ғасырдың ІІ-жартысы) теңге сарайлары жұмыс жасағаны т. б. айтылды.
Шара соңында теңгенің мән-мағынасын ашатын танымдық ойын ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып өз ойларын жақсы жеткізе білді.
Қазақ ұлтының тіуелсіз мемлекет екендігін бүкіл дүниеге паш етіп тұратын рәміздеріміздің бірі — теңге екені сөзсіз. Сондықтан жастарымыз теңгенің қадірін біліп жүруі шарт.
А. ТАЙҰСТАРҚЫЗЫ,
музей қызметкері