КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

0
75

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ. ЖИНАЛЫСҚА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ, АППАРАТ БАСШЫСЫ А. СИСЕНОВ, БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ. ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ «ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫНЫҢ АЯҚТАЛУ БАРЫСЫ» (БАЯНДАМАШЫ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Е.ЖОЛДЫҒАРИН), «САЛЫНЫП ЖАТҚАН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ» (АУДАНДЫҚ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Ж. МЫҢЖАСАР), «АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ҚЫСТА КҮТІП ҰСТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ» (АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ А. ҚҰЛМҰХАНОВ) ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жасалған баяндамалар тыңдалған соң, аудан әкімі салынып жатқан аудандық музей, кітапхана, мұрағат, жабық жүзу бассейні құрылысының барысына арнайы мерзімдік кесте әзірлеп, уақытылы аяқтауды қадағалауды, Жақсымай ауылдық клуб үйі мен Темір қаласы әкімдігі ғимаратын қабылдауда техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға сәйкес қатаң бақылауға алуды Ж. Мыңжасарға, автомобиль жолдарын қысқы мезгілде күтіп ұстауға қажетті техникалардың дайындығын пысықтауды А. Құлмұхановқа тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.