ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

0
46

ТАЯУДА АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ОТЫРЫСТЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ Е. ТӨЛЕУОВ АШТЫ. КЕҢЕСКЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВ, Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қ.НҰРАЛЫ, АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Б. САЛИМАНОВ, БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ, КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ. КЕҢЕСТІҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ «АУДАНДЫҚ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ 2022 ЖЫЛ МЕН 2023 ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ» (БАЯНДАМАШЫ АУДАНДЫҚ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Ж. МЫҢЖАСАР) МЕН «АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ» ТУРАЛЫ (БАЯНДАМАШЫ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Г. МАХИМОВА) ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ.

Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған Ж.Мыңжасар, 2022 жылы Шұбарқұдық кентінде 150 орындық балабақшаға инженерлік желі тартылғанын, Қызылжар мөлтек ауданында 2 қабатты 16 пәтерлік тұрғын үй құрылысы, «Ақтөбе-Атырау» тас жолының бойына орналасқан «А» сыныпты көп фунциалды сервиске сыртқы газ және су желісін тарту аяқталып, кәріз және электр желілерін жеткізу жұмысы жүргізілуде екенін, бөлімде 2022 жылдың қортысында 609 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін, 2023 жылдың 10 айында жабық бассейіннің, кітапхана мен мұражай және мұрағат, Жақсымай ауылдық округінде 150 орындық клубтың, Темір қаласында әкімшілік ғимараттың құрылысы жалғасып жатқанын, Кеңқияқ ауылының «Сазды-2» аумағына газ желісін тарту жұмысы аяқталып, бірақ электр желісін жеткізу – бас мердігер «Элком» ЖШС-ның кестеден кешііктіруіне байланысты сотқа берілгенін т. б. айтса, екінші мәселе бойынша баяндама жасаған Г.Махимова жыл басынан бері мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес міндетті гигиеналық құралдарға жергілікті және республикалық бюджет есебінен барлығы 15325,0 мың теңге бөлініп, 213 мүмкіндігі шектеулі азаматқа гигиеналық, 4 кісіге техникалық көмекші құралдары, 17 азаматқа кресло-арба, 25 мүмкіндігі шектеулі кісіге тифлотехника бойынша, 96 мүгедекке протездік-ортопедиялық көмек көрсетіліп, 125 азаматқа Алға қаласындағы «Шипагер», Сарыағаш ауданындағы «Айша Бибі», Шымкент қаласындағы «Жылы су» сауықтыру орталығынажолдамасы берілгенін, Шұбарқұдық пен Кеңқияқ кенттеріне «Инва-такси» үшін 12547,0 мың теңге бөлініп, тұрақты қызмет көрсетілуде екенін, үйде оқитын 16 балаға ай сайын АЕК, 30 отбасыға тұрғын үй жәрдемақысы, 154 отбасындағы 849 адамға 51196,1 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленгенін т. б. жеткізді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша Е.Төлеуов,Б.Шаимов,БСалиманов, Р. Құдайбергенов т.б. баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында қоғамдық кеңестің отырысында қаралған екі мәс еле бойынша қатысушылардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, тиісті қаулы қабылданды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.