«БАЛАЛАР ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ӨМІРДІ ТАҢДАЙДЫ»

0
26

Темір аудандық Көркемсурет мектебінің ұйымдастыруымен «Балалар жемқорлықсыз өмірді таңдайды» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Көрмеге көркемсурет мектебінің оқушылары қатысты. Көрменің мақсаты — «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, дүниетанымдарын кеңейту, ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамытып, әділдікке тәрбиелеп, патриоттық рух қалыптастыру болатын.

Жалпы,көрмеге мектебімізден 40-тан аса жұмыс қатыстырылды. Балалардың жұмыстарынан олардың жалпы жемқорлыққа қаншалықты қарсы екендігін байқаймыз. Әр бала өзіндік ой ерекшеліктерін көрсете білген.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды Қайратқызы Асия жеңіп алса, 2-орын Қалдыбай Аяулым, Қуанышқали Мерей, Касимова Айдана, Аққалықов Ерболатқа бұйырды. Ал 3-орынмен Есенов Дамир, Бауыржан Баубек, Әбілмансұр Сұлтан, Рамбай Асия, Қалдыбаева Сабина қанағаттанды. Қалған қатысушылардың барлығы алғыс хатпен марапатталды.
ҒАББАС АЙКӨРКЕМ,
Көркем сурет мектебінің сурет пәні мұғалімі.