«БАҚЫТЫН БАЛА ТІЛІНЕН ТАПҚАН»

0
62

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ, КӨРНЕКТІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ АТАСЫ, ҰЛТ МАҚТАНЫШЫНА АЙНАЛҒАН МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВТЫҢ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТТАП ӨСПЕГЕН ҚАЗАҚ БАЛАСЫ, СІРӘ, СИРЕК БОЛАР. ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕ ОНЫҢ ШОҚТЫҒЫ БИІК ТҰРАДЫ. ӘСІРЕСЕ, БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНДА КӨЛЕМІ, ТАҚЫРЫБЫ ЖӘНЕ ЖАНРЫНЫҢ БАЙЛЫҒЫ ЖӨНІНЕН АҚЫННЫҢ АЛДЫНА ТҮСЕР ЕШКІМ ЖОҚ. ЖУЫРДА ШҰБАРҚҰДЫҚ ГИМНАЗИЯСЫНДА ҚАЛАМГЕРДІҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ, БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «БАҚЫТЫН БАЛА ТІЛІНЕН ТАПҚАН» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДЕБИ ЕРТЕҢГІЛІК ӨТТІ.

Ертеңгілік барысында мектеп кітапханашысы Ұлықпанова Балым Ерешқызы, Мұзафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріп, «Балдырғанның бағбаны» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Оқушылар ақынның «Бар қазақ баласын қалай баққан?», «Өз бағаңды өзің біл», «Ақ сақалдың ақ батасы», «Елін сүйгеннің еңсесі биік», «Ана тіліне тағзым», «Әлихан Бөкейхан», «Науан батыр — Наурызбай» тағы басқа өлеңдерін жатқа айтып, ақынның жұмбақтарын шешіп, сұрақтарға жауап берді. Ақын туралы бейнебаяннан да мол мағлұмат алды. Ертеңгілікке қатысқан оқушылар алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.
Әдеби ертеңгілік соңында бастауыш сынып мұғалімі Кыдралина Гүлжамал Сапарғалиқызы ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Әдеби ертеңгіліктің де оқушыларға берген рухани азығы мол болды деп ойлаймын.
Ақынның тағылымды ғұмыры, таусылмас мөлдір бұлақтай
туындылары әлі талай ұрпақты тәрбиелері сөзсіз. Ғасырға жуық өмір сүрген, күллі өмірін еңбекпен өткізген, сұрапыл соғысты да бастан кешкен, сан қырлы талант иесі Мұзафар Әлімбаевтың есімі – мәңгілік жасайды.
Б. М. ГАПБАСОВА,
«Шұбарқұдық гимназиясы» КММ тәлімгері.