АҚТӨБЕДЕ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

0
52

2 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ “ТАБЫС” КОММУНАЛДЫҚ БАЗАРЫНДА ӨТКЕН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН САТУ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ. АУДАН ӘКІМІ, ЖӘРМЕҢКЕНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРГЕН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ М. АБДУЛЛИНГЕ ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ 10 АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ БАРЛЫҒЫ ОСЫ ЖӘРМЕҢКЕГЕ КЕЛГЕНІН ЖЕТКІЗДІ. АТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕГЕ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ҒАНА ЕМЕС, “АУЫЛ АМАНАТЫ” ЖОБАСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ ӨЗ ӨНІМДЕРІН ӘКЕЛДІ.
Облыс әкімінің орынбасары М. Абдуллин жәрмеңкеге Темір ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің алуан түрлісі әкелінгенін атап өтті. Өз кезегінде аудан әкімі С. Аманбаев, облыс әкімі М. Абдуллинге, аудандар үшін базарда бір күнде бір ғана ауданның жәрмеңкесін өткізуге ыңғайлы кесте жасағаны үшін алғысын білдірді.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы бекіткен «Табыс» базарында жәрмеңке ұйымдастыру кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні Темір ауданы бекітілді. Қазіргі таңда “Табыс” коммуналдық базарындағы ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне 5 бас сиыр еті, 5 бас жылқы еті, 15 бас қой еті, 200 кг құс еті, 800 дана жұмыртқа, 300 кг сүт өнімдері, 200 кг маринадталған көкөністер, 75 кг кондитерлік өнімдер, 70 кг балық, 80 кг жартылай фабрикаттар, 100 литр қымыз-шұбат, 70 кг тары-талқан нарықтық бағадан 10-15 % төмен бағамен ұсынылды.
Өз кезегінде Ақтөбе қаласының тұрғындары қол жетімді бағада сапалы-табиғи өнімдерді ұсынғаны үшін Темір ауданына ризашылықтарын білдірді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.