АТАЛАР БАС ҚОСТЫ

0
41

ЖАҚЫНДА ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛЫНДАҒЫ №1-ШІ МЕКТЕПТЕ, МЕКТЕП ҰЖЫМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ЖЕТІ АТАСЫН БІЛГЕН ҰЛ, ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ҚАМЫН ЖЕР» ДЕГЕН
ТАҚЫРЫПТА АТАЛАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ҚЫЗЫҚТЫДА, ҮЛКЕН ІС ШАРА ӨТТІ.
ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ТЕК БІЛІММЕН ОҚУМЕН ҚАТАР ҚАЗАҚИ
ҰЛТТЫҚ САНА СЕЗІМДЕРІН ОЯТУ ЕДІ. БҰЛ ШАРАҒА ОСЫ АТАЛМЫШ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІРІҢҒАЙ АТАЛАРЫ ШАҚЫРЫЛҒАН БОЛАТЫН. МЕКТЕП БӨЛІМ-ШЕСІНДЕГІ БҰЛ ИГІ ШАРАНЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ТОБЫШОВА БАЗАРГҮЛ ТАБЫНБАЙҚЫЗЫМЕН, ОСЫ МЕКТЕПТЕГІ ПЕДАГОГ ПСИХОЛОГ ТӘЖІБАЕВА ЖАННА АСҚАРҚЫЗЫ ЖҮРГІЗІП ОТЫРДЫ. БҰЛ АТАЛАРМЕН БАСҚОСҚАН ШАРАНЫҢ БАСТЫ КІРІСПЕСІ
ТАНЫСТЫРЫЛДЫ.

1. Трениг танысу. Домбра арқылы кімнің атасы екенін және немересін таныстыру.
2. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» тақырыбын таныстыру Слайд.
3. Аталарды дөңгелек үстелге жайғастырып отырғызу
4. жеті санының киесі, жеті ата, шежіре туралы айту /слайд/.
5. Сұрақ- жауап
1. Өсіп келе жатқан балаға шежіре, әулеттің тарихы туралы кім айтады?
2. Жеті атаны кім үйретеді және жеті атаға кімдер жатады?
3. «Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі» дегендей, өскелең ұрпаққа
Қандай құндылықтарды дәріптеп жүрміз?
6. Көрініс.
7. Сұрақ-жауап.
Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын деген екен-Әл-фараби. Олай болса аталар жас ұрпақ тәрбиесіне салт-дәстүрімізді үйретуді, ұмытпауды қалай дәріптеп жүрін. Сіздердің ой пікіріңіз.
8. Атадан бата алу.
Бұл мектептегі іс шараға үлкен кішілі 9 аталар қатысты. Шараның мақсаты деді
жүргізуші Шежірені әулет тарихын білудің, оны ұрпаққа мирас етудің мәнін талқылау.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақ балаға шежіре, әулеттің тарихи маңызын түсіндіру.
Кезекті шара сценарийі бойынша аталар қолына шағын домбыра ұстап өздерін таныстыра бастады. Таныстыруда аты- жөндерін, руларын, туған жерімен еңбек
жолдарын айта отырып, мектептегі оқушы немересінің оқу қабілетін, білімін, үйдегі өзін-өзі ұстауын, тәрбиесін айтып беру. Осылайша кезек алған аталар таныстырумен жалғастырып кетті. Аталар ішінде өзін өлең жолдарымен таныстырып оқушылар көңілін бір көтеріп тастағандарыда болды. Стөл басына жайғасқан аталар алдына қағазбен сұрақтар қойылды: 1. Өсіп кележатқан балаға шежіре ру жөнінде Әулеттің тарихы туралы кім айтады? 2. Жеті атаны кім үйретеді және жеті атаға кімдер жатады? 3. «Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі»
дегендей өскелең ұрпаққа қандай құндылықтарды дәріптеп жүрміз? Бұл сұрақтарға кезекпен жауап берген аталар Қазиев Құдайберген Ұзақбайұлы және Қарасаев Ағыбай Итесұлы сөз алды. Жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ қан тазалығына ерекше мән берген.
Бұны үлкен мақтанышпен айтуымыз керек деді. Әрбір адам жеті атасын руын білу керек. Ру ол жан жаққа бөліну емес, ол басында айтылғандай тегін білу жақын адамдардан қыз алыспау керек. Бұл жеті атасын білген ер, жеті жұрттың, қамын жер жеті атасын білмеген, құлағы мен жағын жер деген деді. Жеті атаны білу- жеті адамның атын білу ғана емес солардан тараған ағайын туысыңды білу деді- келесі сөз алған ата Селбаев Алдаберген Сәменұлы Қазиев Құдайберген ата өзінің алып келген» Адам руы жөніндегі шежіре тарихи кітабымен таныстырды Немереміз жайлы жақсы сөз айтыу арқылы оларды осы бастан, ата-баба өнегелі өмір тарихына бетбұрыс жасап бойына тарата беріуіңіз керек деді. Сондай – ақ әр ата өз немерелерінің жақсы қылықтарымен, өнерлерін және өздерінің басынан өткен қызықты оқиғаларын, көргендері мен білгендерін ой сала түсінекті қылып әңгімелеп берді. Оқушыларда қалыспай, аталарынан тыңдап үйренген естіген жеті аталарын мүлтіксіз кідірмей айтып берді. Олар бесінші- алтыншы сынып оқушылары Елемес Айсултан, Базарбай Самғат, және Оразбай Ұлан сынды оқушылар еді. Шараға қатысып отырған аталар немерелерінің талабына риза болып алғыстарын білдірді. Шара соңына қарай жиынға қатысқан аталарға мектеп
ұстаздары рахметтерін айтып, алда тағыда болатын. Даналық мектебінің жұмыс шараларына қатысып тұруларын өтініп, күтетіндерін айтып шақырды.
Столға қойылған алдарындағы ұлттық тағам бауырсақ қымыздан дәм алдырып, бата беруін сұрады. Батасын берген аталар ризашылықпен тарасты.
Нұрсұлтан
ІЛИЯСҰЛЫ.