МӘМС – ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

0
28

ЕЛІМІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТА ТҮСУДЕ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ ЗАМАНАУИ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖАРАҚТАНДЫРУДА. ОСЫҒАН ОРАЙ, АУДАННЫҢ МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ МҮМКІНДІГІ ЖАҚСАРА ТҮСУДЕ. ЖУЫҚТА БІЗ, АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ СЕРЖАН ЖАНАХМЕТОВКЕ ЖОЛЫҒЫП, БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН МӘМС БОЙЫНША ЖӘНЕ БАСҚА ДА БІРНЕШЕ СҰРАҚ ҚОЙҒАН ЕДІК.

— Сержан Жанахметұлы, бүгінгі таңда аудан тұрғындарының қанша пайызы сақтандырылған?
— Бүгінде ауруларды ультра дыбыстық зерттеу (УДЗ), компьютерлік томография (КТ) аппараттарына түсу дәрігерлердің жолдамасы арқылы жүзеге асырылады. 1 қараша 2023 жылға Темір ауданы бойынша сақтандырылған азаматтардың саны 28 мыңнан астам адамды құрайды немесе халықтың 86,5 %. Сонымен қатар, жоспарлы медициналық терапевтің қабылдауына жазылып қана қоймай, тексеруден өтіп, бірқатар қауіпті дерттерін де тегін емдете алады. Жедел медициналық жәрдемнің қызметі де ақысыз көрсетіледі. Ал жалпы Заң бойынша елдің барлық жұмыс істейтін тұрғындарының табыстарынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жарналар алынуы тиіс. Жұмыс беруші жұмысшысы үшін 2023 жылы – 3 % аударым жасайды және қол астындағы жұмысшының еңбекақысының 2 % пайызын да жарна үшін аударады. Ал жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының иелері мен жеке адвокаттар, сот орындаушылары секілді жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, ай сайын ең төменгі жалақының 1,4-ке тең бөлігінен 5 пайызын МӘМС-ке аударып отырады. Осы жылдың бағасымен есептесек, жарнаның көлемі 4900 теңге. Ерікті түрде төлеушілер медициналық сақтандыру үшін ең төменгі жалақының 5 пайызы болатын төлем жасай алады. Биыл ол стационарды алмастыратын жағдайдағы медициналық көмек, медициналық оңалту, стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық жағдайларда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, МӘМС-те сақтандырылған азаматтар өздері таңдаған емханада медициналық қызмет ала алады, соның ішінде жеке клиникада да. Қажет болған жағдайда, емхананың жеке клиникамен бірлесіп орындау шартын жасау мүмкіндігі болса, пациент өз емханасынан аталған жеке клиниканың қажетті дәрігеріне кеңес алуға жолдама сұрай алады. Ауыл тұрғындарыда аталған жүйенің игілігін көріп келеді. Мәселен, солардың бірі – аудан тұрғыны Қасымқызы Әлия (аты-жөні өзгертілді) сол жақ бүйрегі ауырып, Темір аудандық ауруханасына тексеруге келді. Барлық талдауларды тапсырып, дәрігердін жолдамасымен КТ қызметін Ақтөбе қаласының ауруханасынан өтті. Мен онымен жеке сөйлестім. «Бүйрегім ауырып аудан ауруханасына жүгіндім. Барлық тексерулерді тегін өттім. Міндетті көмек көрсету, диагностикалық процедуралардан, скринингтерден, оңалтудан өту, ауруханаға жатқызу қажет болған жағдайда тұрғындардың сақтандыру мәртебесінің болмауы қиындық туғызады. Сақтандырылмаған азаматтар МӘМС пакеті бойынша медициналық көмек алуы шектелген.
— Сонда сақтандырылмаған азаматтар медициналық көмек алудан тыс қала ма?
— Халық денсаулығы және ҚР Денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске сәйкес, медициналық көмек көрсетудің екі пакеті бар, яғни минималды – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК), базалық-міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек (МӘМС). Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі бюджеттік қаражат есебінен Қазақстан Республикасы азаматтары мен қандастарға көрсетіледі және тиімділігі дәлелденген профилактикалық, медициналық емдеу қызметтері кіреді. Қысқасы, төлем жасамайтындар да медициналық қызметсіз қалмайды. Олар учаскелік — 3500 теңге тең болды. 2022 жылдың шілде айында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына тиісті толықтырулар мен өзгерістер бекітіліп, қыркүйек айында Заң күшіне енді, яғни сақтандыру мәртебесін алу үшін алдын ала 12 айға төлем жасауға болады. Азаматтар алдын ала жарналарды төлеп, жыл бойы МӘМС тізбесіндегі медициналық көмекті алады.
— МӘМС жүйесіне қандай медициналық көмек кіретіні туралы айта кетсеңіз?
— Сақтандырылған адам МӘМС пакетінде медициналық көмекке кеңейтілген қолжетімділік алады. Нақтылайтын болсақ медициналық кәсіби тексерулер, жоғары мамандандырылған дәрігерлердің қабылдауы мен консультациясы, бейінді мамандардың созылмалы ауруларды динамикалық бақылауы, пациенттердің жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек, диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика (УДЗ, рентген, КТ, МРТ), мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, стационарлық және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мен сақтандырылғанмын. Жергілікті дәрігер МӘМС-тің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын түсіндірді. Медициналық сақтандырудың арқасында қазір маған қымбат зерттеулер, дәрі-дәрмектер қол жетімді. КТ қызметінде жолдама арқылы жеке клиникадан өтуді қаладым» деді Қасымқызы Әлия.
— Сержан Жанахметұлы, тұрғындарымыз МӘМС-тегі өздерінің мәртебесін DamuMed арқылы тексере ала ма?
— Ия, әрине әрбір азаматқа DamuMed мобильді қосымшасының пайдаланушылары үшін сақтандыру мәртебесі туралы ақпарат қол жетімді. Сондай-ақ, сақтандыру мәртебесі туралы ақпаратты www.fms.kz Қордың сайтынан немесе https://t.me/SaqtandyryBot сілтеме бойынша арна жеделхатына, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы алуға болады.
— Сұхбатыңызға рақмет.
Әбдісәли ДӘУЛЕТБАЕВ.