ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ — ХАЛЫҚҚА САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, СОНДАЙ-АҚ ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ. АГЕНТТІКТІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БЕЛГІЛЕНГЕН ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ШЕГІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН АУМАҚТЫҚ ОРГАН БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері — Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңында белгіленген.
Заңның 25-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым 5 жұмыс күні, ал Департаментке келіп түскен шағым 15 жұмыс күн ішінде қаралуға жатады. Жыл басынан бері Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты өтініштерді қарау нәтижесінде 10 жеке және заңды тұлғаның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Егер нақтылап айтсақ, қазіргі қолданыстағы Заңнамаға сәйкес, жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасы бекітілгеннен кейін, 3 жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беретін құжат негізінде жер қатынастары бөлімімен жерге орналастыру жобасы 2023 жергілікті әкімдік тарапынан берілуі тиіс. Алайда, қала тұрғынының өтініші жылдың 3 наурызында бекітілгеніне қарамастан, әкімдік тарапынан Қаулы тамыз айына дейін шығарылмаған. Департаменттің жүргізген тексерісінің нәтижесінде, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, яғни әкімдіктің қаулысы шығарылды.
Осы тұрғыда тағы бір мысалды келтіруге болады. Әкімшілік полиция басқармасымен көлік құралдарын есептен шығару бойынша қызмет көрсетудің теріс нәтижесі қабылдаған. Анығырағы көрсетілетін қызметті алушыға «айыппұлдары бар» деген негізбен, көлікті есептен шығарудан бас тартқан. Алайда, тексерудің қорытындысы бойынша, көліктік бақылау инспекциясының темір жол саласы бойынша салынған әкімшілік айыппұлдың төленбегендігіне байланысты, көлік құралдарын есептен шығарудан негізсіз бас тарту берілгендігі анықталды. Ал, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуден, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл болған жағдайда ғана бас тартуға негіз болады. Осылайша, Департамент тарапынан жүргізілген жұмыс нәтижесінде көлік құралдарын есептен шығару арқылы көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы барлық өңірде агенттіктің аумақтық департаменттері тарапынан, мемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған, «Telegram» арналары іске қосылған болатын. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды «Telegram» парақшасына бағыттайтын арнайы QR-кодтар көрсетілген (https://t.me/+b3bQ0VXeN55mYzIy). Аталған арна арқылы азаматтар қандай да бір қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша шағымдана алады.
АқылбекСүйінғараұлы Боранқұлов,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша
департаменті мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер басқармасының бас маманы.