ЖІГЕРЛІ ЖАНДАР СИНЕРГИЯСЫ

0
42

ЖУЫҚТА, АУДАНЫМЫЗДА «ЖІГЕРЛІ ЖАНДАР СИНЕРГИЯСЫ» АТТЫ ЕРЕКШЕ БАЛА ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ФОРУМЫ ӨТТІ. АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ФОРУМҒА АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Ж. ЖАСАҚБАЕВА, ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНАЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕР АНАЛАР ҚАТЫСТЫ.

Шара барысында аудан әкімі, ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған мотиваторлық шараның маңыздылығын атап өтіп, отбасы шеңберінен, тек ғана ерекше баланың қажеттілігімен шектеліп қалмай, алдыға қадам басып, білім алып, дамуына ерекше жол ашатын форум болуына тілектестік білдірді.
Сондай-ақ шара барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г. Махимованың «Ерекше балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек пен қолдау» туралы және кәсіпкер, ментор, қоғам қайраткері Ж.Тулеуованың «Аналарға кәсіптік бағдар беру» жөніндегі баяндамалары тыңдалды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.