ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

0
18

МҰХИТ ӨНЕР МЕЙІРБЕКҚЫЗЫ — ШҰБАРҚҰДЫҚ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ, АУДАНДЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЛАР МЕН ОЛИМПИАДАЛАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ, 2021 ЖЫЛЫ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ҚОЛА МЕДАЛДЫ ЖЕҢІП АЛҒАН ДАРЫНДЫ ШӘКІРТ. ЖУЫҚТА АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ШҰБАРҚҰДЫҚ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ МҰХИТ ӨНЕР МЕЙІРБЕКҚЫЗЫН ҚАБЫЛДАДЫ.
2023-2024 оқу жылының қараша айында жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша, Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне 446 оқушы қатысып, Мұхит Өнер республикалық кезеңіне жолдама алды. Аталмыш олимпиаданың республикалық кезеңі 21-24 қараша күндері Қарағанды қаласында өтіп, оған республика көлемінде 198 оқушы қатысты. Нәтижеде, Ақтөбе облысының намысын қорғаған Мұхит Өнер жүлделі III-орын иеленіп, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің химия-биология мамандығына грант ұтып алды.
Қабылдау барысында аудан әкімі облыстың, ауданның, өз білім ордасының намысын қорғап, білімін шыңдап жүрген дарынды Өнерге, алдағы мақсаттарына сәттілік тілей отырып, осындай шәкірт тәрбиелеген ұстаздарына алғысын жеткізді және жас шәкіртке өз алғысы хаты мен сый-сияпатын табыстады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.