ОКРУГТІҢ ЖАҢА ӘКІМІН ТАНЫСТЫРУ РӘСІМІ ӨТТІ

0
29

11 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫ ҰЖЫМЫНА, ОКРУГТІҢ ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ӘКІМІ Б. САУЫТОВТЫ ТАНЫСТЫРДЫ. ТАНЫСТЫРУ РӘСІМІНЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қ. НҰРАЛЫ, АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ Е. ТӨЛЕУОВ, АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Б. САЛИМАНОВ, АРДАГЕРЛЕР Т. Б. ҚАТЫСТЫ.
2023 жылдың 10 желтоқсанында өткізілген Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы бойынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 9-тармақшасына, 45, 113-11 бабының 1-тармағына сәйкес, Сауытов Бағдат Наурызұлы Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Таныстыру рәсімі барысында, аудан әкімі С. Аманбаев пен бірқатар ардагерлер, округтің жаңа әкімін құттықтап, жұмысына табыстар тіледі.
Жиын соңында С. Аманбаев, Б. Сауытовқа округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын, қоғамдық бірлік пен келісімді нығайтуын және Шұбарқұдық кенті аудан орталығы болып табылатындықтан, елді-мекенді абаттандыру қарқынын үдетуді және өзге де тапсырмаларды жүктеді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.