КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСТАРЫ

0
45

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ. КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Қ. НҰРАЛЫ, Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, АППАРАТ БАСШЫСЫ А.СИСЕНОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ, КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ Ж.ҚУАНОВ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ, ҚАЛА, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ, БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ, КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мамандардың баяндамалары тыңдалған соң, аудан әкімі комиссия мүшелеріне, тиісті мекемелерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырмалар берді және тапсырмалардың орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұралыға жүктеді.
***
Аудан әкімі С. Аманбаев, Темір ауданының прокуроры Қ. Оразалин, әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы А.Мәуениязов, аудан әкімінің орынбасарлары Қ. Нұралы, Р.Құдайбергенов, бөлім, мекеме басшыларымен бірге, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының кезекті отырысына да қатысты.
Отырыста «2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданда жасалған құқық бұзушылықтар және оның алдын алу бойынша атқарылған іс шаралар туралы» (баяндамашы аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы А.Мауениязов), «Шұбарқұдық және Кеңқияқ ауылдық округтерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатындағы шаралар туралы» (баяндамашылар Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің м. а. Ж. Кенжебай мен Кеңқияқ ауылдық округі әкімінің м. а. А. Сүтемген) баяндамалар тыңдалды.
Сонымен қатар, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту жұмыстары жүргізілді. Комиссия отырысының қорытындысына сәйкес, аудан әкімі тиісті округ әкімдеріне және бөлім, мекеме басшыларына күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті дәрежеде жұмыстануды тапсырды.
***
Аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұралы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша комиссия мүшелерінің Қызылжар ЖОББ мектебінде, Шұбарқұдық кентінде орналасқан білім беру ұйымдарының оқушыларымен кездесуге қатысты. Сондай-ақ кездесуге Темір ауданы прокуратурасының аға прокуроры Ж. Аманжолов , аудандық «Темір» газетінің редакторы М. Әділханұлы, аудан ардагерлері және комиссия мүшелері қатысты.
Жиында «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Ғ.Қарасаеваның, «Қоғамдағы негізгі құндылықтар» жөніндегі «Темір» газетінің редакторы М.Әділханұлының, «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары» бойынша еркін күрестен Қазақстан Республикасының 4 дүркін чемпионы А. Бакиевтің, «Балалар арасындағы суицид, әлеуметтік желідегі құқық бұзушылықты насихаттайтын ақпараттардың жастардың дамуына кері әсері» туралы аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері А. Таймағамбетованың баяндамалары тыңдалды.
Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұралы, . мектеп оқушылырына түсіндіру жұмыстары бойынша мұғалімдермен байланыс орнату керектігін айтып өтіп, комиссия мүшелеріне жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бір қатар тапсырмалар жүктеді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.