ШАХМАТ АҚЫЛ-ОЙ СПОРТЫ

0
58

Шахмат табиғатында ойын екені белгілі сондықтан балалар оны үйрену кезінде ойын деп қабылдайды.
Келе – келе шахматты кәсіби спорт түрінде тани бастайды. Шахмат үйірмесінде үйрету барысында,баланың санасында шахмат қызықты ойын түрінен спорттық ойын түрінде қалыптасу процесі жүреді.
Шахмат спорты бала бабында мақсатқа жету, шыдамдылық, ұшқыр ой- балалылық, ерік-күш, батылдық, тез оңтайлы шешім қабылдау, ұтымды есептеу секілді сананы қалыптастырады. Бұл баланың өзіндік мінез-құлқы бар ерекше тұлға болып шығуына көмектеседі.
Шахмат – балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін таптырмас ойын.
Тақта үстінде екі жақтың ақыл-ойы, адами санасы тартысқа шығады. Ұтқаны қуанышқа бөленсе, ұтылғаны намысқа шабады. Осылайша ойын өзіне баланы
еріксіз тарта түседі.
Темір ауданында шахмат ойынының өрістеуі біршама жолға қойылған. Бұл турасында, біршама жолға қойылған. Бұл турасында, Темір қаласындағы шахмат жаттықтырушысы, спорт ардагері Берік Нұғмановтың ұзақ жылғы жемісі еңбегін айрықша атауға тиіспіз. Әсіресе ұстаз- жаттықтырушының балаларды шахмат ойынына баулудағы еңбегі зор.
Кейінгі жылдары аудан орталығындағы мектептерде, Темір балалар- жасөспірімдер спорт мектебі де балалар шахматын дамытуға көңіл бөле бастады. Соның нәтижесін кешегі ардагер спортшы марқұм Еркін Жабасовты еске құрметіне шахматтан өткізілген мектеп жасындағы балалардың жеклей I-турнері куә.(десе де болады)
Турнирге қатысушы үміткерлердің көпшілігінің өзі көз қуантты. Осы бәсекеге Темір спорт мектебінің шахмат жаттықтырушысы, ардагер ұстаз Т.Адилханның Шұбарқұдықтағы «Жас уәзір» атты үйірме мерекелерінің 5 ойыншысы қатысып, үздік нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, 2 ойыншы 1-орын иеленсе, 3 ойыншы 2- орын иеленді.
Бұл нәтиже аудан орталығындағы мектеп оқушыларының шахмат ойынына деген қызығушылығын туғызып, үйірмеге қатысуға тілек білдірушілердің санын арттыра түсері ақиқат.
Жүлдегерлерге табыс тілей отырып, ақсақал, ардагер ұстаз- жаттықтырушы Темірхан Әділханұлына денсаулығыңыз мықты болып, жас ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегіңіз жаңа берсін дегіміз келеді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.