«ТӘУЕЛСІЗДІК — ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ»

0
72

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б.ШАИМОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қ.НҰРАЛЫ, АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ, ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНЫҢ КУӘГЕРЛЕРІ, ТАРИХШЫЛАР, АУДАН ЖАСТАРЫМЕН БІРГЕ, 16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 32 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ, АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ҮЛКЕН МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН «ТӘУЕЛСІЗДІК — ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ» АТТЫ АУДАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ.

Шара – салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалуымен басталды. Одан кейін, жиналғандар Тәуелсіздік күніне арналған деректі бейне жазбаны тамашалап, Желтоқсан оқиғасында қаза тапқан азаматтарды 1 минут үнсіздікпен еске алып, Қопа жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ж. Бакиевтің «Тарих, тағлым, тәуелсіздік» атты баяндамасын тыңдады. Өз кезегінде аудан әкімі С. Аманбаев тәуелсіздіктің оңай келмегенін тілге тиек етіп, қазіргі кезде еліміз даму жолына түскенін айтса, аудандық мәслихат төрағасы Б. Шаимов тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтарды қалай жеңіп шыққанын нақты дәлелдермен сөз етті. Ал аудандық прокурордың орынбасары А. Қуанышбаев бүгінгі жастарды ауызбіршілікті болып, тәуелсіздігімізді мәңгі сақтауға шақырса, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары О.Имашов мерекемен баршаны құттықтап, еліміздің болашағы жарқын болуын тіледі. Сондай-ақ, Желтоқсан оқиғасының куәгері, Шұбарқұдық кентінің тұрғыны С. Қамысбаев, 1986 жылғы Алматы қаласында жүз берген оқиғаны еске алып, ондай қайғы қайталанбауын, елімізге тек бейбіт өмірді тілейтінін білдірді. Сонымен бірге, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Б.Салиманов пен аудандық кеңестің төрағасы Е. Төлеуов тәуелсіздіктің алғашықы жылдарындағы ауданның барлық саласы күйрегенін, бірақ халқымыздың шыдамдылығының арқасында барлығы қайта қалпына келтірілгенін тілге тиек етсе, ардагер Н.Ілиясұлы желтоқсанға арнап жазған бір-екі шумақ өлеңін оқыды.
Бұдан соң аудан өнерпаздары Табылбай Кенжебек пен Саламат Оралбек, қобызбен және домбыраның сүйемелдеуінде, Желтоқсан оқиғасы желісімен жазылған «Желтоқсан желі» атты әнді орындап, сонау сұрапыл жылдарды еске салды. Конференция барысында жастар жағы: «Біз, жастар, кезінде қиыншылық болғанынын айтудан гөрі, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін не істеу керектігін ойланумыз керек» деген пікір айтты.
Конфенецияны қорытындылаған аудан әкім С. Аманбаев, тәуелсіздігіміздің қаншалықты маңыздылығын айта келе: «Кезінде осындай тәуелсіздік аламыз деп ойламадық. Бүгінде тәуелсіздік алып, жастарымыздың алдынан даңғыл жол ашылды. Ендігі жерде болшақ жастардікі. Еліміз тыныш, жастарымыз білімді болсын!» деді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған конфенеция, шараны жүргізуші М. Ибраимованың:
«Елдік үшін бәрін көрген азаптың,
Бабалардың аңсары еді
Азат күн.
Тәуелсіздік – бойтұмары
елімнің,
Одан асқан қастері
жоқ қазақтың.
Өшпес, өлмес із қалдырған
артына,
Адал дәстүр, ғұрпы менен
салтына.
Бірлік түбі береке ғой
сондықтан,
Ынтымақ бер берекелі
халқыма.
Арайлы азаттықтың нұрын
құшқан,
Шолпандай жарқыраған күн
шығыстан.
Мерейлі мерекеңіз құтты
болсын
Тәуелсіз туған елім – Қазақстан!» деген өлең жолдарын жігерлі дауыспен оқуымен аяқталды.
Әбдісәли ДӘУЛЕТБАЕВ.