«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ — МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ
Аудан әкімі Кеңқияқ ауылдық округіне жұмыс сапары кезінде “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында өз кәсібін ашқан жеке кәсіпкерлерді аралады. Жеке кәсіпкерлердің бірі — Асия Аманкелдіқызы. Бүгінде Асия Аманкелдіқызы “Ауыл аманаты” бағдарламасымен 7 млн. 800 мың тг көлемінде қаржы алып, өз үйінен тігін цехын ашты. Аталған қаражатқа кәсіп иесі тігін машинасын және өзге де қажетті құрал-жабдықтарын алды. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының сұранысын өтеп, кәсібін жүргізіп отыр.
Кездесу соңында аудан әкімі тігін цехын үлкейтуге және осы тұрғыда мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін арнайы жобаларды атап өтті.