СҮТ ӨҢДЕУ — МОЛ ТАБЫС КӨЗІ

0
50

Кеңқияқ ауылдық округіндегі сапарында аудан әкімі Кеңқияқ ауылдық округіндегі сапарында жеке кәсіпкер Әсел Сағынышқызымен де кездесті. Әсел Сағынышқызы “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында 4 млн. қаржы алып, өз үйінен сүт өңдеу цехын ашып, кәсібін жүргізіп отыр. Кәсіп иесі сүттің өзін ғана сатқаннан, оны өңдеп сату тиімді екенін жеткізді. Біріншіден, өнім түрі молаяды, екіншіден, халық сұранысын қамтамасыз етіледі және ауыл шаруашылығының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын кәсіп.
Сонымен қатар, кәсіпкер бөдене өсірумен айналысады. Алдағы уақытта құс санын көбейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие бөдене жұмыртқасын ауылдағы сауда орындарына және қоғамдық тамақтандыру орындарына жеткізіп отыр.
Кездесу барысында аудан әкімі сүт өнімдерін пайдалану көлемі жыл сайын артып келе жатқандығын ескеріп, бұл көрсеткішті бұдан әрі көбейту қажеттігін жеткізді.