КЕҢҚИЯҚТА ҚЫМЫЗХАНА АШЫЛДЫ

0
13

СОНДАЙ-АҚ, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ КЕҢҚИЯҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫ КЕЗІНДЕ ОКРУГТЕГІ ЖАҢА КӘСІП — ҚЫМЫЗХАНАНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ. АУДАН БАСШЫСЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ БЕРІК САЙЛАУҰЛЫН ЖЕКЕ КӘСІБІМЕН ҚҰТТЫҚТАП, ҰЛТТЫҚ СУСЫНЫМЫЗДЫҢ ХАЛЫҚ СҰРАНЫСЫНА ИЕ БОЛЫП, КЕЛУШІЛЕР ҚАТАРЫ АРТУЫНА СЕНІМДІЛІК БІЛДІРДІ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ДЕ, ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДА САНЫ АРТУДА.

Ашылу салтанаты барысында ұлттық сусыннан дәм татылып, жеке кәсіпкерге тілектер білдірілді. Аудан әкімі С. Аманбаев округте кәсіп түрлерінің көбейіп жатқанына ризашылық білдірді.
Ә. ЕРТАЕВ.