АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

0
63

ЖУЫҚТА АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН, КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША, АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ.МӘЖІЛІСКЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қ.НҰРАЛЫ, АППАРАТ БАСШЫСЫ А. СИСЕНОВ, ҚАЛА, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ, БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ. МӘЖІЛІСТІҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ «2023 ЖЫЛДЫҢ 11 АЙЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ, БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ 11 АЙЫНДАҒЫ ОРЫНДАЛУЫ ЖӘНЕ 2023 ЖЫЛДЫҢ 12 АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ҚАРЖЫНЫҢ БОЛЖАМДЫ ИГЕРІЛУІ ТУРАЛЫ, МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ 2023 ЖЫЛДЫҢ 11 АЙЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ» (БАЯНДАМАШЫ АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Н. АДАЕВ) ЖӘНЕ «БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ» (БАЯНДАМАШЫ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Ж. ЖАСАҚБАЕВА) МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ.

2023 жылдың 11 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жоғары көрсеткішті құрайды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыстар да жоспарға сай атқарылды.
Аппараттық мәжілісте көтерілген баспасөзге жазылу мәселесі бойынша аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі қала, ауылдық округ әкімдіктеріне, мекеме, бөлімдерге бөліністер таратылып, хаттар жолданды, сонымен қатар, «Ақтөбе-Медиа» өкілдері, почта қызметкерінен құралған топ мекемелер мен ауылдық округтерді аралап түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде, көрсеткіштерге өзгерістер енуде.
— Барлық мәселе басшылардың жұмысқа деген жауапкершілігіне байланысты, — деді аудан басшысы мәжіліс барысында. – Мәселен, баспасөзге жазылу бойынша мәліметке қарап отырсақ, Темір ауданы 36 пайыздық көрсеткішті көрсетіп тұр. Бұл облыстағы ең төменгі көрсеткіштің бірі. Әрине, Темір аудандық кірістер басқармасы, аудандық орталық аурухана, спорт мектебі, Шұбарқұдық жылу мекемесі, Ақсай, Тасқопа ауылдық округтері сияқты т. б. бірқатар ұжымдар, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, баспасөзге жазылу науқанын жоғары деңгейде өткізген. Аталған ұжымдардың басшыларына рахмет айтамын. Ал қалған мекемелер мен бөлімдерде және ауылдық округтерде жағдай, өкінішке орай, мәз емес. Бұл жағдай, басшылардың аталған мәселеге немқұрайлы қарап, түсіндіру жұмыстарын жеткілікті дәрежеде жүргізбеуінен жүз беріп отыр деп ойлаймын. Сондықтан, әлі де алда, азғантай болса да, өндіріп жұмыс істеуге лайық уақыт бар. Жыл соңына дейін қарқынды насихат жұмысын жүргізу керек.
Мәжіліс соңында аудан әкімі тиісті басшыларға жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарды зерделеп, жақсы көрсеткіш көрсетуді ұсынды және тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауға алуды орынбасарлары Ж.Қойшыбаев, Р.Құдайбергенов және Қ.Нұралыға жүктеді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.