ҚЫСҚЫ МАУСЫМ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

0
61

АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ. МӘЖІЛІСКЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ ЖӘНЕ БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ. МӘЖІЛІСТЕ «ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ ӨТУІ ТУРАЛЫ» ЖӘНЕ «АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ҚЫСҚЫ КҮТІП ҰСТАУЫ ТУРАЛЫ» АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ А.ҚҰЛМҰХАНОВТЫҢ ЖӘНЕ «БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН САЛЫНҒАН НЫСАНДАРДЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІККЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ» АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Н. АДАЕВТЫҢ БАЯНДАМАЛАРЫ ТЫҢДАЛДЫ.
Мәжіліс соңында аудан әкімі С. Аманбаев, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Құлмұхановқа, ауа райының өзгеруіне байланысты округ әкімдерімен бірлесе отырып, автомобиль жолдарының уақытылы қардан тазартылуын және жылыту қазандықтарының жай-күйін күнделікті бақылауда ұстауды қамтамасыз етуді, ал Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің м. а. Ж.Кенжебайға аудан орталығындағы жаяу жүргіншілер жолын мұздан тазарту жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды және тапсырмалардың орындалуын бақылау — аудан әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасары Р. Құдайбергеновке жүктелді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.