«МАЛ ҰРЫСЫ» ЖЕДЕЛ ІС-ШАРАСЫ

0
44

«МАЛ ҰРЛЫҒЫ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА, ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖҮРГІЗГЕН РЕЙДКЕ, АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВПЕН БІРГЕ, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Б.БАҚТЫҒАЛИЕВ, ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Ж.ИМАШЕВ, ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР МЕН АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ. АТАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЛЫН КЕСУ МАҚСАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

Рейд барысында «Жүнісов С» ЖК-нің мал сою пункті, сондай-ақ ет өнімдерін сату орындары, олардың ветеринариялық талаптарға сәйкестігі және тиісті құжаттары тексерілді. Сонымен қатар, тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мал ұрлығы қылмыстық заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны айтылды.  Рейд соңында аудан әкімі С. Аманбаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Б. Бақтығалиевке, ауданның барлық ауылдық округтерінде мал ұрлығының алдын алу шараларын жалғастыруды ұсынды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.