Құттықтау

0
23

1963 жылы 7 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Темір қаласында дүниеге келген Гүлнар Кәрімқызы, 1980 жылы орта мектепті бітіріп, Ақтөбе медицина училищесіне акушерка мамандығына оқуға түседі және оны 1983 жылы аяқтаған. Сол жылдан бастап, Темір аудандық ауруханасында кезекші мейірбике болып қызмет жолын бастады. 1998 жылдан бері босану бөлімінде акушерка болып қызмет атқарып келеді.
Құтты болсын Сіздің туған күніңіз,
Әр күн сайын жадыраңыз, күліңіз.
Ағайындар, достарыңыз қаумалап,
Таусылмасын әніңіз бен жырыңыз!
Той көп болып әр күні үйіңізде,
Қуаныштар қуантсын тербеп жанды.
Денсаулық та мықты болсын, ғұмыр ұзақ,
Әр күн сайын жалғассын өмір мәнді.
Отбасыңыз әрқашанда аман болсын,
Әр жаста басыңызға бақ орнасын.
Сәтті болсын жасаған әрбір істер,
Бақыт құсы үйге де келіп қонсын.
Көңіл-күй әрдайымда күшті болсын,
Орындалсын армандар көңілдегі.
Табыстан табыстарға жете бергін,
Бар жақсыны сезініп өмірдегі!
Жаңа жастың сезініңіз бал-қаймағын,
Жаңа жастың тіл үйірер балдай дәмін.
Ғұмырыңыз ұзақ болып, жүз жасаңыз,
Алла Сізге сыйлап күннің арай-бағын.
Темір аудандық орталық
аурухананың ұжымы.