АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХІІ СЕССИЯСЫ

0
52

20 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХІІ СЕССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ. СЕССИЯ ОТЫРЫСЫНА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВ, Р.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б.ШАИМОВ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ, БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, ҚАЛА, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ҚАТЫСТЫ.
Сессияның күн тәртібінде қала, ауылдық округтерінің “2023-2025 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу” бойынша 8 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты округ әкімдерінің баяндамалары тыңдалып, аталған күн тәртібі талқыға түсті.

Сессия қорытындысы бойынша аудандық мәслихат депутаттары өз кезегінде сұрақтарын қойып, тиісті шешімдер қабылдады. Мәслихат сессиясының соңында аудан әкімі барлық ауылдық округ әкімдеріне бюджет заңнамасының сақталуына және бөлінген қаржының уақтылы және толық игерілуіне жеке жауапкершілікпен қарауды атап өтті.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.