АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙ ЖОЙЫЛДЫ

0
50

ТАЯУДА, ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІ, КІРПІШ КӨШЕСІНДЕ ОРНАЛАСҚАН № 10-шы ҮЙДІҢ № 6-шы ПӘТЕРІНДЕ ЖЫЛУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, САЛДАРЫНАН 15 ПӘТЕР ЖӘНЕ 1 АЗЫҚ-ТҮЛІК ДҮКЕНІ ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛҒАН. ОРЫН АЛҒАН АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙДА ПӘТЕР ИЕСІНІҢ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА БОЛЫП, ПӘТЕР КІЛТІН ӨЗІМЕН БІРГЕ АЛЫП КЕТУІ САЛДАРЫНАН, ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕСІКТІ БҰЗЫП КІРУГЕ МӘЖБҮР БОЛДЫ. ОҚИҒА ОРНЫНА АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВПЕН БІРГЕ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ А. ҚҰЛМҰХАНОВ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Б. САУЫТОВ ЖӘНЕ “ШҰБАРҚҰДЫҚ ЖЫЛУ” КМК-ның ДИРЕКТОРЫ С. ДҮЙСЕНОВ БАРДЫ.

Шұбарқұдық ауылдық округі әкімдігі және аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлері тарапынан көппәтерлі тұрғын-үйдің жылу жүйесі қалыпына келтіріліп, тұрғындарға жылу берілді. Аудан әкімі С. Аманбаев, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытовқа орын алған жағдайды назарға ала отырып алдағы уақытта бұндай оқиғаларды болдырмау мақсатында көппәтерлі тұрғын-үй иелеріне жол жүру, ұзақ уақытқа дейін пәтерде болмайтын жағдайларда, пәтер кілтін жақын туыстарына немесе көршілеріне тастап кету қажеттігі жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, аудан әкімі С. Аманбаев, “Шұбарқұдық жылу” КМК-нің директоры С. Дүйсеновке жылыту маусымы кезеңінде қызметкерлердің күшейтілген режимде жұмыс жасауын, жылудың тұрғындарға үздіксіз берілуін қамтамасыз етуді тапсырды және аталған тапсырмалардың орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Р. Құдайбергеновке жүктеді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ