МЕДИКТЕР аянбай ЕҢБЕК ЕТУДЕ

0
69

Өтіп бара жатқан жылда, Темір аудандық ауруханасы
медициналық қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында,
бірқатар игі істер атқарды. Мәселен, 2023 жылы алынған
медициналық жабдықтарды айтар болсақ, олардың құрамында
5 дана биллитест, 2 дана оторид, 1 дана эндоскопиялық
жуу машинасы, 2 дана центрифуга, 2 дана стомотологиялық
қондырғы, 1 дана бейнебронхоскоп, 1 дана байланыссыз
тонометр (көз) бар. Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың
материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында,
2023 жылы 4 «УАЗ» медициналық автокөлік сатып
алынды және өтеусіз 2 «Нива шевролет» автокөліктермен
жабдықталды.

14 желтоқсан күні, Ақтөбе облысының
медицина қызметкерлерінің орта буын
қауымдастығының 20 жылдығына орай
шығарылған, «20 жыл — 20 белес» атты
мерейтойлық жинақ кітаптың тұсау кесері
өтті. Кітапта Ақтөбе орта медициналық
қызметкерлері Ассоциациясының 20 жылда
атқарған іс-шаралары енгізілген. Жиырма
жылда бұл іске Темір ауданы мейірбикелерінің
де қосқан үлесі осы кітапта жарияланды.
ҚУАНОВА,
Бас медбике

Биыл ауданға 3 жалпы
тәжірибелі дәрігерлер
жұмысқа орналасты. Оның
үстіне біз, кардиолог,
ЛОР, зертханашы,
сәулелік диагностикалық
д ә р і г е р л е р д і
резидентураға оқытып,
мамандар дайындаудамыз.
Алдағы жаңа —
2024 жылы да аудандағы

денсаулық ұйымдарын жаңа
жабдықтармен қамтамасыз
ету жоспарымызда бар.
Мәселен, қаражаттың
ауысуына байланысты,
келесі жылы біз «Система
суточного мониторирования
артериального давления»,
«Холтер ЭКГ, «Аппарат
неинвазивный ИВЛ»
(сипап) және «ВЭК для
л а п о р о с к о п и ч е с к и х
операции» аппараттарын
сатып алуды мақсат етіп
отырмыз. Сонымен бірге,
бұйрыққа сәйкес 2024 жылы
Алтықарасу дәрігерлік
амбулаториясы мен Ақсай
фельдшерлік-акушерлік
пунктінде жаңа ғимараттар
құрылысын жүргізу
жоспарымызда бар.
Қысқасы, Темір аудандық
ауруханасы ұжымы
халықтың денсаулығын
сақтау мақсатында, қолда
бар барлық мүмкіндіктерді
пайдалана отырып, аянбай
еңбек ете береді.
С. Ж. ЖАНАХМЕТОВ,
Темір аудандық
ауруханасының бас
дәрігері.