ЕҢ ҮЗДІК ОКРУГ — САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

0
35

Жаңа Жыл қарсаңында, аудандық мәдениет үйінде “Темір таңдауы-2023” байқауында “Ең үздік округ” байқауының қорытындысы жарияланды.

Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес “Ең үздік округ” мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, елді мекендерді абаттандыру, ресми парақшалардың жүргізілуі, мәдени-спорттық, қоғамдық шаралардағы белсенділік, салық түсімдерінің тиісті талаптарға сай орындалуын қамтамасыз ету, жұмыссыздықты болдырмау бағытындағы жұмыстар, бюджеттің игерілуі, т.б. критерийлер бойынша бағаланып, САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ жеңімпаз атанды.
Аудан әкімі Саркөл ауылдық округіне арнайы диплом, байқаудың мүсіншесі және өңірді абаттандыру мақсатында 4 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.