МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР БАСТЫ НАЗАРДА

0
80

ЖАҚЫНДА, АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІН ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП ОТЫРҒАН №1 СУ АЙДАУ КӨТЕРІЛІМІНЕ БАРДЫ.

Аудан әкімімен бірге аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергенов, “Шұбарқұдық-Жылу” КМК басшысы С.Дүйсенов барды.
№1 су айдау көтерілімі Шұбарқұдық ауылдық округі бойынша 4200 абонентті қамтамасыз етіп отыр.
Аудан әкімі барлық су бекеттерін қарап, төтенше жағдайдың алдын-алуды және тұрғындардың өтініштерін басты назарға ала отырып, нысандарды жеке бақылауға алды. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке ауданда жұмыс жасап тұрған әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысын толық бақылауға алуды тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.