БІЗДІҢ АУЫЛ ТАМАША БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ.

0
34

Аудан әкімі С.Аманбаев аудандық мәдениет үйінде өткен “Жыл таңдауы-2023” шарасында тұрғындардың бос уақытын тиімді үйлестіру мақсатында ұйымдастырылған “Біздің ауыл тамаша” байқауы бойынша қала және ауылдық округ әкімдіктерін
марапаттады.

Байқау нәтижесі бойынша:
1. Ақсай ауылдық округі “Еңбекқор округ”
2. Алтықарасу ауылдық округі — “Ұлттық құндылықтар ұлықталған округ”
3. Жақсымай ауылдық округі “Үлгілі округ”
4. Кеңестуы ауылдық округі“Ынтымағы жарасқан округ”
5. Кеңқияқ ауылдық округі “Бірегей округ”
6. Қайыңды ауылдық округі“Шығармашыл округ”
7. Саркөл ауылдық округі — “Жаңашыл ауылдық округ”
8. Тасқопа ауылдық округі — “Ұйымшыл округ”
9. Темір қаласы — “Қонақжай округ”номинацияларымен марапатталды.
“Біздің ауыл тамаша” байқауының жеңімпазы болып — ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ атанды. Жеңімпаз округке аудан әкімінің арнайы дипломы, байқаудың мүсіншесі және УАЗ автокөлігінің сертификаты табысталды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.