ЖЫЛ АДАМ -2023

0
28

ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНЫҢ СОҢҒЫ ЖҰМЫС КҮНІ, АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ “ТЕМІР ТАҢДАУЫ — 2023” БАЙҚАУЫНДА “ЖЫЛ АДАМЫ — 2023 БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫН МАРАПАТТАДЫ.
ТҮРЛІ БАҒЫТТАҒЫ САЛАЛАРДА АУДАННЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕСІН ҚОСҚАН ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАУ, АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ӨЗ САЛАСЫ БОЙЫНША ҮЗДІК БОЛУЫНА ЫНТАЛАНДЫРУ, НӘТИЖЕЛІ ЕҢБЕКТІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛДЫРМАУ, ӘЛЕУМЕТТІК, ҚОҒАМДЫҚ, ӨНДІРІСТІК САЛА БОЙЫНША ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТКЕН ЖАНДАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІН НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ҮЗДІКТЕРДІ МАРАПАТТАУ МАҚСАТЫНДА «ЖЫЛ АДАМЫ – 2023» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. БАЙҚАУҒА БАРЛЫҒЫ АУДАН БОЙЫНША 17 ҮМІТКЕР ӨТІНІМ БЕРІП, 2 КЕЗЕҢ БОЙЫНША ЖЫЛ ТАҢДАУЫН АНЫҚТАДЫ.

Байқаудың І кезеңінде әлеуметтік желіде дауыс беру жүргізілсе, ІІ кезеңінде комиссия отырысы үміткерлердің іс-қағаздарымен танысты. Комиссияның арнайы шешімімен жеңімпаз анықталып, марапатталды.
Байқау нәтижесіне сәйкес комиссия мүшелері қатысушы үміткерлерді құттықтап, арнайы номинациялар табыстады.
“Жыл дәрігері” номинациясымен- Байтохаева Райгүл Жақыпқызы;
”Жыл жаңалығы” номинациясымен — Чирков Максим Николайұлы;
”Жыл белсендісі” номинациясымен — Жұрмағанбетова Ләззат Төребекқызы;
”Парасатты тұлға” номинациясымен — Сейіт Айжарық Бисенұлы марапатталды.
Аудан әкімі өз кезегінде қызмет саласында нәтижелі еңбек көрсетіп, айналысатын қызметі бойынша жетістіктерге жеткен, аудан тұрғындары арасында оң имидж қалыптастырып, еңбегінің нәтижесінде ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалдығын тигізген №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының мұғалімі,
ҚР Қолөнерлер одағыны мүшесі ЖАҚЫБАЕВ НҰРЛАН СӘУЛЕБАЙҰЛЫН “ЖЫЛ АДАМЫ — 2023” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ДЕП ТАНЫП, аудан әкімінің арнайы дипломы мен 150 МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ СЕРТИФИКАТЫН ТАБЫСТАДЫ.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.