ЖАҢА КЛУБ ҮЙІ АШЫЛДЫ

0
52

ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНЫҢ ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫ КҮНІ АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ ЖАҚСЫМАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЖАҢА КЛУБ ҮЙІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасарлары Р.Құдайбергенов, Қ.Нұралы, Жақсымай ауылдық округінің әкімі С.Төлеуов, аудан ардагерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Жақсымай ауылдық округінің клуб үйі салтанатты түрде пайдалануға берілді.
Жаңадан салған ғимараттың қуаттылығы 150 орындық.
“Ауыл — ел бесігі” жобасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, толықтай құрылыс жұмыстары аяқталды.
Аудан әкімі ашылу салтанатында ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтауын жеткізді. Мұнда мәдениет ошағының қажеттілігі ауыл халқының көптен көкейінде жүрген түйткілді мәселенің бірі болатын. Аудан әкімінің жіті бақылауымен аталған нысан құрылысы аяқталып, жоспарланған уақытынан бұрын жыл аяғында пайдалануға берілді.
Аудан әкімі округ әкімі С.Төлеуовке нысанның толық қажеттіліктерін қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану және іс-шаралардың бастау алуына сенімділік білдірді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.