АЗЫҚ – ТҮЛІК БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

0
89

«АМАNAT» партиясы Темір аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Нуржанов және комиссия мүшелері аудандағы азық-түлік дүкендеріне мониторинг жасады.  Бақылау барысында әлеуметтік маңызы бар 19 тағам өнімдерінің баға тұрақтылығы сараланды.

Азық – түлік дүкендеріндегі бағаларда қымбатшылық көрсеткіші байқалмады. Дүкен сөрелерінде азық-түлік тапшылығы жоқ, аудан тұрғындарын қамтамасыз ететін қоры жеткілікті. Қызмет көрсету жағынан қалыпты деңгейде өз жұмыстарын жасап жатыр.

Әлеуметтік маңызы бар деп табылатын азық-түлік тауарлары бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында және тұрақтылықты қадағалау үшін «AMANAT» партиясының партиялық бақылау комиссиясы алдағы уақытта да рейдтік жұмыстарын ұйымдастыра отырып, баға тұрақтылығын бақылауда ұстап отыратын болады.

 

 

                                                                                                                      «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалы