АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

0
25

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВ, Қ. НҰРАЛЫ, Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Б. САУЫТОВ, АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Ж. ЖАСАҚБАЕВА, АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Е.ЖОЛДЫҒАРИН, АУДАНДЫҚ КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ С.АЙЖАРЫҚОВ, «АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛІК ПАЛАТАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ А. МЫРЗАҒАЛИЕВПЕН БІРГЕ, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БІР ҚАТАР САУДА ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ.

Аудан басшысы бастаған бұл рейд те, атап айтқанда «Ар Амир» мен «Сапа» шағын маркетін, «Стамбул» сауда үйін т. б. қамтылып, азық-түлік өнімдері мен ең қажетті тауарлардың бағасына және тұтынушылар мен сауда қызметкерлері арасында электронды төлемді қабылдаудан бас тарту деректеріне баса назар аударылды.
Аудан әкімі сауда мекемелерінің өкілдеріне 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторий мен Бірыңғай жиынтық төлемді қолдану аяқталғанын хабарлап, тек сапалы, оның ішінде тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін сатуға ерекше көңіл бөлінуі және өнімнің бағасы белгіленген шектен аспауы керектігіне тоқталды.
Сауда нысандарын тексеру соңында С. Аманбаев, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Жолдығаринге, аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры А. Мырзағалиевпен бірлесіп, негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына кезең-кезеңмен мониторинг және тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырып, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы С. Айжарықовқа салық саласына қатысты заңнамалық құжаттарға енгізілген негізгі өзгерістер бойынша ауданда ауқымды түсіндіру жұмыстарын жандандыруды ұсынды және Ж. Қойшыбаев, Қ. Нұралы, Р. Құдайбергеновке аталған тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды жүктеді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.