ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ

0
69

БҰДАН БҰРЫН, АТАП АЙТҚАНДА ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІНІНІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ЖАСАЛЫНЫП ЖАТҚАН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАРАП ШЫҚҚАН БОЛАТЫН. ЖУЫҚТА АУДАН БАСШЫСЫ АТАЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА ЖЫЛУ НЫСАНЫНА ҚАРАСТЫ АУМАҚТЫ ТАҒЫ БІР РЕТ ТЕКСЕРІП ШЫҚТЫ. ЖӨНДЕУ ЖЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРУГЕ АУДАН ӘКІМІМЕН БІРГЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Б. САУЫТОВ, «ШҰБАРҚҰДЫҚ-ЖЫЛУ» КМК БАСШЫСЫ С. ДҮЙСЕНОВ БАРДЫ.

Осыған дейін аудан орталығының әкімшілік ғимараттары мен тұрғын үйлерге жылу беру маусымында, желілердің гидроизоляциясының болмауына байланысты, жылуды жоғалтудың салдарынан жеткілікті деңгейде жылумен қамтамасыз етілмей келе жатқан болатын. Сондықтан аудан әкімінің жеке тапсырмасымен жылу желілерін оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізіле бастады. Мұндай ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары бұрын-соңды болмаған. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстарымен мердігер «Жәнібек-Айдос» ЖШС айналысуда. Жобаның қуаты 5691 м2 құрайды. Алдағы уақытта осындай жұмыстар аудан орталығының барлық көшелерінде де жүргізілуі жоспарлануда.
Тексерудің соңында аудан әкімі С. Аманбаев, С. Дүйсеновке жөндеу жұмыстарының уақытында және сапалы орындалы үшін жеке бақылауға алуды тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.