ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

0
61

БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС АУДАН ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қ. НҰРАЛЫ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ Б. САУЫТОВ, БӨЛІМ ЖӘНЕ МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫНДА, ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ. ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙЫНША 50 %, ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ 25 %, ӨЗГЕ ТҮЙІТКІЛДЕР БАҒЫТЫНДА 25 % МӘСЕЛЕ ҚОЗҒАЛДЫ.

Ж. Қойшыбаев тұрғындардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, қабылдауға тіркелген тұрғындардың жеке мәселелері тұрақты бақылауда болатынын жеткізе отырып, бөлім басшыларына тұрғындар тарапынан келіп түскен мәселелердің шешу жолдарын қарастыруды тапсырды және өтініштердің уақытылы орындалуын тұрақты бақылауды аппарат басшысы А. Сисеновке жүктеді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.