ЖИЫН ӨТТІ

0
40

ТАЯУДА, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН, 2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ІРІ ЖОБАЛАР БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ. ЖИЫНҒА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВ, Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қ.НҰРАЛЫ, АППАРАТ БАСШЫСЫ А.СИСЕНОВ, АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ       БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ А.ҚҰЛМҰХАНОВ ҚАТЫСТЫ. ЖИЫНДА АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ А. ҚҰЛМҰХАНОВТЫҢ БАЯНДАМАСЫ ТЫҢДАЛДЫ.

Аудан әкімі С. Аманбаев, А. Құлмұхановқа мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты уақтылы жариялап, конкурстық рәсімдерден өткен мердігерлермен мұқият жұмыс істеуді, нысан бойынша жұмыс кестелерін бекітіп, олардың сақталуын қадағалауды, заңда көзделген санкцияларды уақтылы қолдануды тапсырды және аталған тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды аудан әкімінің орынбасарлары Ж. Қойшыбаевқа, Р.Құдайбергеновке және Қ. Нұралыға жүктеді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.