М. ЖҮНІСОВАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛДЫ

0
39

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ, ТАНЫМАЛ ӘНШІ МАҚПАЛ ЖҮНІСОВАНЫҢ 60 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ТЕМІР АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «ҚАЗАҚТЫҢ ЕРКЕ ҚЫЗЫ» АТТЫ КОНЦЕРТ ӨТТІ. КЕШ БАРЫСЫНДА ЕЛДІҢ ЕРЕКШЕ СҮЙІСПЕНШІЛІГІНЕ БӨЛЕНІП ЖҮРГЕН «ҚАЗАҚТЫҢ ЕРКЕ ҚЫЗЫ» АТАНҒАН ӘНШІНІҢ РЕПЕРТУАРЫНДАҒЫ ӘУЕЗДІ ӘНДЕР ОРЫНДАЛДЫ. ҮЛГІЛІ «АЛТЫН-АЙ» БИ АНСАМБЛІНІҢ БИШІЛЕРДІ ДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ.

Концерттен түскен азды-көпті қаржы Шұбарқұдық кентінің тұрғыны, бүгінде денсаулығымен сыналып, сіз бен біздің қолдауымызды қажет етіп отырған Бүркішова Жансаяның еміне жіберілді. Қазіргі уақытта Жансаяның емі Түркия елінде жалғасып жатыр.
Қиын жағдайда қол ұшын созып, жерлесіміздің жағдайына бей-жәй қарамай қайырымдылыққа атсалысқан аудан тұрғындарына, концертке келген көрерменге және концерттің ұйымдастырушылары Темір аудандық мәдиет үйінің директоры Жандос Жарылғасын мен аудандық мәдениет үйінің музыка өңдеушісі Шылмурзин Мерхат ағамызға айтар алғысымыз шексіз.
Назерке ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
Темір аудандық мәдениет
үйінің қызметкері