КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

0
59

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қ. НҰРАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АУДАН ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНА ТИІСТІ МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ МЕН КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудандық білім бөлімінің бас маманы С. Шабикованың баяндамасы тыңдалды.
Отырыс соңында комиссия төрағасы Қ. Нұралы, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар жүктеп, күн тәртібіндегі мәселені жеке бақылауына алды.
***
Аудан әкімінің орынбасары Р. Құдайбергеновтің төрағалығымен жер учаскесіне құқықты табыстау немесе бас тарту жөнінде комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысында Шұбарқұдық және Саркөл ауылдық округі тұрғындарынан келіп түскен өтініштер бойынша жер учаскелерінің мәселесі қаралды.
Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Б. Сауытов, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ. Сәлімгерей, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е. Жолдығарин, қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер және қоғам белсенділері қатысты.
Комиссия соңында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралып, қанағаттандырылды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.