ҮЗДІК ТЕАТР ҰЖЫМЫ АТАНДЫ

0
22

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, Н.БАЙҒАНИН АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛЫҒАН “АМАНАТ” ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ Т. ЕҢСЕГЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ. “АМАНАТ” ЖАСТАР ТЕАТРЫ 2017 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН. ҚАЗІРГІ ТАҢДА ОНЫҢ ҚҰРАМЫНДА ДАРЫНДЫ ТАЛАНТ ИЕЛЕРІ БАР.

Театр жетекшісі Т. Еңсегеновтің жетекшілігімен бірнеше қойылымдар қойылып, Орал, Ақтөбе қалаларына барып жүлдемен оралған. Жаңа жыл қарсаңында, Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, “Облыстық жастар сыйлығы-2023” салтанатты кеші өткен болатын. Аталған шарада “Аманат” театр ұжымы “Үздік театр ұжымы” номинациясын жеңіп алды.
Аудан әкімі жастар театрын құттықтай отырып, шығармашылық табыс, алдағы уақытқа сәттілік тіледі.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.