КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

0
65

АУДАН ӘКІМІ С .АМАНБАЕВ, ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж.ҚОЙШЫБАЕВ, Р.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қ.НҰРАЛЫНЫ, АППАРАТ БАСШЫСЫ А.СИСЕНОВТІ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Б. САУЫТОВТЫ, БӨЛІМ ЖӘНЕ МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫН ҚАТЫСТЫРА ОТЫРЫП, АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ. МӘЖІЛІСТЕ, «ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ» ДЕГЕН ТАҚЫРЫПТАҒЫ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Е.ЖОЛДЫҒАРИННІҢ БАЯНДАМАСЫ ТЫҢДАЛДЫ.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған Е.Жолдығаринның айтуынша, аудандағы азық-түлік сататын супер және шағын маркеттерге, барлық дүкендерге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын бөлшек сауда орындарына мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп отыр. Мәселен, 2024 жылдың 8 қаңтарында аудан әкімі С. Аманбаевтың басшылығындағы қоғамдық топ, аудан орталығындағы халық көп келетін азық-түлік дүкендеріне барып, бағалау, және зерделеу жұмыстарын жүргізген.
Мәжіліс соңында аудан әкімі С. Аманбаев, Е. Жолдығаринге тұрғындар өтінішін назарға ала отырып, аудандағы азық-түлік бағасының тұрақтылығын қадағалау үшін және сауда орындарына жүйелі түрде мониторинг жүргізу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды және тапсырманың орындалуын бақылауға алуды аудан әкімінің орынбасары Р. Құдайбергеновке жүктеді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.