АРДАГЕРЛЕР КЕЗДЕСТІ

0
61

26 ҚАҢТАР КҮНІ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ С.ШАҢҒҰТОВ БАСТАҒАН АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ А. МЫРЗАЛИН, ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ А.НҰРМҰХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ Т.АЙЖАРЫҚОВ, Б. КЕМЕШОВ, ТЕМІР АУДАНЫНА КЕЛІП КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ. КЕЗДЕСУГЕ АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ, МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ, ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ, ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ЖӘНЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ.
Жиынға аудан әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары Қ. Нұралы төрағалық етті. Кездесуде С. Шаңғұтов облыстық ардагерлер кеңесінің 2023 жылы атқарған жұмыстары және қоғамдағы өзекті мәселелерді шешудегі ардагерлердің рөлі туралы баяндама жасады. Ол облыстық ардагерлер ұйымының өткен жылы атқарған жұмыстарын айта келе, тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы үшін ең басты қажеттілік — ел ішіндегі ауызбіршілік екендігін атап өтіп, ардагерлерді қоғам мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, ел бірлігіне атсалысуға, алға жылжуға нұқсан келтіретін жәйіттармен бірге күресуге шақырды.

Сонымен қатар, кездесуде А. Мырзалин, А. Нұрмұханов, Т.Айжарықов, Б. Кемешов ұлттық жоралғыларды өткізуде ысырапшылдыққа салынбауды, үкіметіміз ұсынған түрлі бағыттағы бағдарламаларды ел ішінде кеңінен насихаттау — ардагерлердің басты жауапкершілігінінің бірі екендігіне тоқталды.
Шара соңында жергілікті ақсақалдар Б. Салиманов, Б.Дәндібаев, М. Нұғманов, аудан төңірегінде де бірқатар шаралар атқарылып жатқандығын тілге тиек етіп, ел игілігі жолында өз тараптарынан үлес қосуға қашан да дайын екендіктерін жеткізді және облыстық топ өкілдерінің ауданға келіп, кездесу өткізіп, кеңестер бергені үшін ризашылығын білдірді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.