ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

0
68

АУДАН ӘКІМДІГІННІҢ КІШІ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВ, Қ. НҰРАЛЫНЫҢ ЖӘНЕ БӨЛІМ МЕН МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫНДА ӨТКЕН АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДАҒЫ КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕ – «АУДАН БОЙЫНША ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ БАҒЫТЫНДА САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР» ТУРАЛЫ БОЛДЫ.
Отырыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық аурухананың бас дәрігері С. Жанахметов баяндама жасап, аудандағы халыққа медициналық қызмет көрсетудің жағдайына және осы бағытта алға қойылған бірқатар міндеттерге тоқталды. Отырыс барысында кеңес мүшелері баяндамашыға сұрақтар қойып, өздерінің ұсыныс-пікірлері мен ойларын айтты.

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Е. Төлеуов, отырыс соңында кеңес мүшелері тарапынан айтылған пікір-ұсыныстарды ескере отырып, күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша тиісті басшылармен жұмысты жандандыруды ұсынды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.