ШҰБАРҚҰДЫҚ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

0
24

БҮГІНДЕ ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІНДЕ 14 360 АДАМ ТҰРАДЫ. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ САПАЛЫ ӨМІР СҮРУІ ҮШІН ОКРУГТЕ СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ БОЙ КӨТЕРГЕН ЖАҢА НЫСАНДАР МЕН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР КӨП. МЫСАЛЫ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ КӨЗГЕ ТҮСЕТІН АЛАҢДАРДЫҢ БІРІ – ВОКЗАЛ АЛАҢЫ. МҰНДА КӨП ЖЫЛДАРДАН БЕРІ ШЕШІЛМЕЙ КЕЛЕ ЖАТҚАН МӘСЕЛЕ БЫЛТЫР ҚОЛҒА АЛЫНЫП, АЛАҢ КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРДЫҢ БІРІНЕ АЙНАЛДЫ. ВОКЗАЛ АЛАҢЫНА 80 ТҮП СӘН АҒАШЫ (КАТАЛЬПА) КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ. АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖЫЛ САЙЫН АРТЫП КЕЛЕДІ. ЖАЗ АЙЫНДА ОРТАЛЫҚ АЛАҢҒА, ОРТАЛЫҚ САЯБАҚҚА, «АНА МЕН БАЛА» ГҮЛЗАРЫНА, «ҚЫЗЫЛЖАР» САЯБАҒЫНА 3000 ДАНА ШЫРАЙГҮЛ ГҮЛДЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ.

Округ тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттап, бос уақыттарын пайдалы өткізіп, спортпен шұғылдануы үшін Теріскей көшесіне спорттық корд салынып, халық игілігіне ұсынылды.
Ауыл тұрғындары үшін маңызды мәселелердің бірі – ауылішілік жолдардың жағдайы. Жыл сайын автомобиль тас жолдарын салу, жаяу жүргіншілерге арналған тротуар төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес іске асырылуда. Былтыр Наурыз көшесіне ұзындығы 1351,6 м, «Кірпішті» көшесіне 653,9 м. және Аққұдық көшесіне 957 м. жаяу жүргіншілер жолдары салынып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Сонымен қатар, «Задепо» аймағына ұзындығы 1,5 км. айналма автомобиль жолы салынды.
Жауын-шашынның көбейуіне байланысты ауылішілік жолдарды су шайып кету құбылысы жиі орын алып жүрген болатын. Осы мәселелердің алдын алу үшін 2023 жылы ауылішілік көшелерге 100 дана суағарлар орнатылып, судың көшеге жиналмауына, тұрғындардың жеке үйлеріне зиянын тигізбеу мақсатында бірнеше жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, көшелерге 30 дана бейнебақылау орнатылып, орын алған оқыс оқиғаларды анықтауға өз септігін тигізуде. Кешкілік, түнгі мезгілде кентіміздің көшелері жарық болуы үшін, көшелерге жарықшамдар орнатылып, жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жасалуда. 2023 жылы Теміржол және Ж. Махимов көшелерінде 21 дана жарықшам қондырылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта да мұндай жұмыстар өз жалғасын таба бермек.
Шұбарқұдық ауылдық округі әкімшілігі