ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ЖУЫҚТА «ЗЕРЕ» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫНДА, АУДАНДЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН, КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫНДА «КӨҢІЛДІ СТАРТ-2024» АТТЫ ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРІНЕН ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ ӨТТІ. ЖАРЫСҚА ҰЖЫМНЫҢ 14 ҚЫЗМЕТКЕРІ, АТАП АЙТҚАНДА Г. БУЛАНОВА, С.ҚАРАУЫЛШЫЛЫҚОВА, Г. ҚОЙТІЛЕУОВА, Б. КАБАЕВА, А.КАНАЛИНА, Г.АҚТАУОВА, Ж. БЕКБОЛАТОВА, Ж. ЕРЖАСОВА, Г. ТУЛЕУОВА, З.КЕЕРЕВА, Ш. ТІЛЕГЕНОВА, А.ҚОСАМАНОВА, С. ЖҰМАБАЕВА, А.ГИБАТУЛИНА ҚАТЫСТЫ.
Қызықты да тартысты өткен сайыс барысында, Жаннұр Бекболатова үздік шығып, І-ші орынға белгіленген 50000 мың теңге жүлде мен Кубокты жеңіп алды және «Мақтау қағазбен» марапатталды. ІІ-ші орын Шынаргүл Тілегеноваға бұйырды және 30000 мың теңге сыйлықты иеленіп, «Мақтау қағазға» ие болды. ІІІ-ші орынға жайғасқан Зәуреш Керееваға 20 000 теңгелік сыйақы мен «Мақтау қағаз» табысталды.
Жарыс соңында сайыстың жеңімпазы атанған Бекболатова Жаннұр Жұмабекқызына, аудандық «Көңілді Старт-2024» спорттық сайысына, жолдама табыс етілді.
Назерке Еркін.